Текст
09.11.2020
Ақмола облысы білім басқармасы Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!
Ақмола облысының білім басқармасы 2020 жылғы 6-16 қараша аралығында облыстық Қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген тұлғалардың өтініштерін қабылдайтынын хабарлайды.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:...
03.11.2020
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасын мектепішілік кезеңі туралы.
2020 жылы 23 қазанында, бір күн ішінде ауданымыздың орта және негізгі мектептерінде 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасын математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшынтілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша ...
15.10.2020
Мұғалім еңбегінің қиындығы мен жақсылығы қатар жүреді. Ұстаздардың төл мерекесінде мұғалімдерге шынайы көңілмен алғыс айтылады. 2020 жылы 13 қазан күні Ерейментау қаласы Үмбетей Жырау атындағы Мәдениет Үйінде салтанатты түрде аудан әкімі Альжанов Абай Еламанұлы бір топ мұғалімдер қауымы мен білім мекеменін қызметкерлеріне кәсіптік мерекесімен құттықтап, оларға алғыс білдірді. Марапатқа ие болғандар білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлестері өте зор және ел игілігі үшін қажырлы еңбек етуде .
08.10.2020
Ұстаз-ұлы тұлға. Бүгінде бар өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар мен ұстаздар әулеті жетерлік. Соның бірі - Жапабаевтар әулеті.
06.10.2020
Құрметті әріптестер шын жүректен сіздерді мұғалімдер күнімен құттықтаймын!!! Барлықтарынызға денсаулық пен бақыт тілеймін! Қолдауыңыз бен жұмысыңыз үшін рахмет!!! Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік! Ізгі ниетпен Куркина Сәуле Мейрамқызы!
06.10.2020
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
30.09.2020
Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде @rsk_akmola өткен брифингте баяндады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстағы 555 мектептің ішінде 28 025 оқушыдан тұратын 387 ауылдық шағын жинақты мектептер (оқушылардың жалпы санынан 21.5%) тұрақты режимде, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде. Ал 168 мектеп қашықтықтағы режимде, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың қалауы бойынша кезекші сыныптарда оқуда. Бүгінгі күні 39 087 оқушысы мен 2 606 мұғалімі бар 3 167 кезекші топ жұмыс істейді. «Біздің облыста мұғалімдер Daryn.online, Bilimland білім беру платформаларына басымдық берді, оларға Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы барлық мектептер қосылған. Дегенмен, мұғалімнің басқа да платформаны пайдалануға толықтай құқығы бар», - дейді Бейбіт Жүсіпов. Атап өту керек, қашықтықтан оқитын 63 019 оқушының 4 732-нің интернетке қосылуға мүмкіндігі болмаған, бүгінде олар роутер, «Білім» тарифтік жоспарымен ұялы байланыс операторларының ұялы интернеті бар флэш-карталармен қамтамасыз етілді (құны айына 990 теңге). Ағымдағы жылы 2 422 дана компьютерлік техниканы сатып алу қажеттілігіне сәйкес, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджеттен 492,6 млн. теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда 438 мектепке дейінгі ұйымдарда 1 295 кезекші топтар ашылды, олар 14 650 баланы немесе 47,6% қамтиды. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру және уақытылы жауап беру үшін білім басқармасы өзінің барлық байланыс нөмірлерін жариялады. Әрі жедел жауап беріп, даулы мәселелерді шешу мақсатында сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, қабылданған шешімдердің барлығы тікелей мектеп директорларына берілуі үшін арнайы чаттар құрылған. Басты басымдық - балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондықтан дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр. Сол себепті, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Ақмола облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлескен бұйрыққа сәйкес мониторингтік топтар құрылған. #Брифинг #RSK_Aqmola
22.09.2020
Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары! 2020-2021 оқу жылы барысындағы барлық білім беру саласына қатысты сұрақтар бойынша білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Сәуле Мейрамқызы Куркинаға ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ!
02.09.2020
2020-2021 оқу жылына арналған Ерейментау ауданының орта мектептерінің оқушыларын оқулықтармен толық қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 11 сынып оқулықтарын сатып алуға, сондай-ақ 5-8 сынып оқулықтарын, инклюзивті, үштілді білім беруге арналған оқулықтарды қосымша қаржыландыруға қаражат бөлінді. Қазіргі кезде 1-11 сынып оқушылары оқулықпен 100% қамтамасыз етілген. Барлық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары ҚР БҒМ сайтында орналастырылған және жүктеуге қол жетімді https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/ Егер сіз оқулықтардың тапшылығын немесе жетіспеушілігін тапсаңыз, кітапхана қоры әдіскерінің нөміріне хабарласуыңызға болады Тел. 8-716-33-50468
01.09.2020
Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар! 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылында сіздерге денсаулық, сәттілік тілейміз!