"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылы адамзат Чернобыль апатының 35 жылдығын атап өтеді.

29.04.2021

Жыл сайын 26 сәуірде радиациялық апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Чернобыль апаты - Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.

Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті.

Ерейментау ауданының білім беру ұйымдарында 23 – 29 сәуір аралығында «Чернобыль – жалпы ауырсыну және трагедия» тақырыбында апталық болып өтті. Мектеп пән мұғалімдері мен  сынып жетекшілері ұйымдастырған "Чернобыль ХХ ғасыр трагедиясы", «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» сынып сағаттары, "Чернобыль балалар көзімен" суреттер көрмелері, басқа да шығармашылық жұмыстар оқушылардың Чернобыль апаты туралы танымдарын кеңейтті. Мектеп оқушылар Чернобыль апаты туралы тарихи мәліметтерді біледі және адамзат өмірінде қауіп төндірген мұндай оқиғалардың зардабын түсінеді.

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст