"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні

01.12.2020

     Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қауымдастық, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күнін өткізіп, тұрақты түрде инфекцияның алдын-алу, тестілеу, емдеу және азаматтарға қызмет көрсету, осы проблеманы бірлесіп еңсеруге күш-жігерін салады. Адамзат баласы ауыр індеттің алдын алуда прогреске жеткенімен, оны жұқтырушылардың саны әлі де азаятын емес.

     Биылғы COVID-19 пандемиясы жағдайында оның жүгі екі еселеніп, ДДҰ әлемдік көшбасшылар мен азаматтарды АИТВ/ЖИТС-ға қарсы «жаһандық ынтымақтастыққа» шақырды. Бұл індет қаупіне ұшыраған халықтың осал топтарына ерекше назар аударып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге көңіл бөлу керектігін білдіреді. 1990 жылдардың соңынан бастап әлем аталған індетке қарсы күресте біршама табысқа қол жеткізді. Бірақ АИТВ/ЖИТС қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық маңызды проблемасы болып келеді. Мысалы, 1990 жылдары әлем бойынша АИТВ және ЖИТС-ты жұқтырған және одан қайтыс болған адамдар санының едәуір өсуі байқалды. 1996-2001 жылдар аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам адам АИТВ жұқтырған. Содан бері жаңа инфекциялар саны азая бастады және ол 2017 жылы 2 миллионға дейін азайды. Бұл 1990 жылдан бастап анықталған жаңа инфекциялардың ең аз саны болған еді. ЖИТС-пен байланысты өлім-жітім саны 1990 жылдары өсіп, 2005 және 2006 жылдарға қарай ушығып кетті. Өйткені, осы екі жылда шамамен 2 миллион адам ауыр індеттен қайтыс болған. Содан бері жыл сайын ЖИТС-тен қайтыс болғандар саны азайып, екі есеге дейін төмендеген. 2017 жылы ЖИТС-тан 1 миллионнан аз адам қайтыс болып, көп жылдардан кейін ең төменгі көрсеткішке жетті. Жалпы, 1990 жылдармен салыстырғанда індеттің таралу қарқыны баяулағанымен, дүниежүзінде 36 миллионнан астам адам АИТВ-мен өмір сүреді екен.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст