"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде @rsk_akmola өткен брифингте баяндады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстағы 555 мектептің ішінде 28 025 оқушыдан тұратын 387 ауылдық шағын жинақты мектептер (оқушылардың жалпы санынан 21.5%) тұрақты режимде, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде. Ал 168 мектеп қашықтықтағы режимде, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың қалауы бойынша кезекші сыныптарда оқуда. Бүгінгі күні 39 087 оқушысы мен 2 606 мұғалімі бар 3 167 кезекші топ жұмыс істейді. «Біздің облыста мұғалімдер Daryn.online, Bilimland білім беру платформаларына басымдық берді, оларға Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы барлық мектептер қосылған. Дегенмен, мұғалімнің басқа да платформаны пайдалануға толықтай құқығы бар», - дейді Бейбіт Жүсіпов. Атап өту керек, қашықтықтан оқитын 63 019 оқушының 4 732-нің интернетке қосылуға мүмкіндігі болмаған, бүгінде олар роутер, «Білім» тарифтік жоспарымен ұялы байланыс операторларының ұялы интернеті бар флэш-карталармен қамтамасыз етілді (құны айына 990 теңге). Ағымдағы жылы 2 422 дана компьютерлік техниканы сатып алу қажеттілігіне сәйкес, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджеттен 492,6 млн. теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда 438 мектепке дейінгі ұйымдарда 1 295 кезекші топтар ашылды, олар 14 650 баланы немесе 47,6% қамтиды. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру және уақытылы жауап беру үшін білім басқармасы өзінің барлық байланыс нөмірлерін жариялады. Әрі жедел жауап беріп, даулы мәселелерді шешу мақсатында сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, қабылданған шешімдердің барлығы тікелей мектеп директорларына берілуі үшін арнайы чаттар құрылған. Басты басымдық - балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондықтан дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр. Сол себепті, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Ақмола облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлескен бұйрыққа сәйкес мониторингтік топтар құрылған. #Брифинг #RSK_Aqmola

30.09.2020
Просмотров: 428


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст