"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!

09.05.2020

Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

7 мамыр – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау.

Бүгінде елімізде жас сарбаздарға әскери борышын өтеу үшін барлық жағдай жасалған. «Әскери қызмет және әскери қызмешілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес Отан қорғаушылар лайықты деңгейде әлеуметтік жағынан қамтылып, кепілдіктерге ие болуда.

Әрбір арлы азамат үшін туған Отанын қорғаудан құнды, одан қымбат ешнәрсе жоқ. Бұл шынайы патриотизмді талап етеді. Бұл – зор мәртебе! Қазақтың қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін от­қа түс – күймейсің», – деген. Осынау ғасырлар көгіндегі өшпес өсиет – әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз.

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуаты нығайып, даңқы арта берсін!

Өшпес ерлік пен қайсар мінезді, кәсібилікті талап ететін жауапты қызметте Сіздерге сәттілік тілегіміз келеді! Аудан тұрғындарын осынау мерейлі мереке – Отан қорғаушы күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Ерейментау ауданы білім бөлімі

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст