"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылғы 26 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының (бұдан әрі – Акция) тұжырымдамасы

20.01.2020

2020 жылғы 26 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының (бұдан әрі – Акция) тұжырымдамасы

  •  
17.01.2020

Іс-шара тарихы

Дүниежүзілік күн 2000 жылдардың басында құрылған.Халықаралық интернетсіз күнді«DoBe.org» британдық коммерциялық емес онлайн-жобасы құрды. Бүгінде ғаламдық желі өмірдің барлық салаларына және ғаламшардың барлық дерлік өңірлеріне еніп отыр, сонымен қатар, ресми статистика бойынша 2000 жылмен салыстырғанда, желіні пайдаланушылар саны 5 есе, ал интернет-қосылу жылдамдығы 30-ға артты.

Көпшілігіміз әр күнімізді интернет арқылы бейнелер, ауа райы,жаңалықтар  көруден не музыка тыңдаудан бастаймыз.

Интернеттің оң жақтарымен қатар, теріс жақтары да болады. Медициналық тұрғыдан алғанда, уақытты үнемі желіде өткізу адамның психологиялық және физикалық жай-күйіне теріс әсер етеді, бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығына қатысты. Сол себепті, Интернетсіз күн әрқайсымыз үшін оң септігін тигізетіні сөзсіз.

Халықаралық интернетсіз күн – бұл жаһандық желіні пайдаланушыларды бір күнге интернетті ойдан шығаруға шақыратын өзіндік бүкіләлемдік флешмоб. Аталған күн әлемнің бірде-бір мемлекетінде ресми түрде атап өтілмейді, бұл бізге Англиядан келген дәстүр және оның негізгі мақсаты, атап өтілгендей, адамзатты кем дегенде бір күнге шынайы өмірге қайтару. Бұл флешмоб, ең алдымен, интернетке тәуелділікпен күресуге бағытталған. Абсолютті шынайылық және смайл орнына шынайы күлкі.

Бұл күнді жаһандық желіден бас тарта отырып, жақындармен өткізу, мәселен, интернетке қосулы барлық құралдарды үйде қалдырып, табиғатқа шығу.

Негізгі мақсаты – интернеткетәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.

Өткізілу мерзімі: 26 қаңтар 2020 жыл

Науқан ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентқалаларының білім басқармалары.

Акция бірқатар іс-шаралар өткізуді қамтиды:

Дайындық кезеңі

  • Акцияны дайындау және өткізу барысы туралы ақпаратты облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында, Комитеттің сайтында, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та орналастыру;
  • Акцияны өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Негізгі кезең

  • 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін Халықаралықинтернетсіз күн тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен сынып сағаттарын, сұхбат өткізу. 2020 жылдың 26 қаңтарындаРеспубликалық кең ауқымды «Мен OFFLINE»балалар акциясын жариялау;
  • Педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға Комитеттің бастамасына қолдау көрсетіп, 26 қаңтар күнін интернетсіз өткізу ұсынылады;
  • 1-4 сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауын ұйымдастыру;
  • 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссебайқауынұйымдастыру;
  • 2020 жылдың 3 ақпанына дейінгі мерзімде оқушылардың іс-шаралары, жұмыстары туралы қорытынды ақпаратты Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында орналастыру.

Күтілетін нәтижелер

Нәтижесінде:

  • балаларды компьютерлер мен жаһандық желіден бір күнге ойын аулау, бұл күнді тек шынайы әлемде өмір сүре өткізу, жақын адамдармен жақынырақ араласу немесе күнді сүйікті хоббиге арнау.
  • балалардың шығармашылық, спорттық, музыкалық қабілеттерін дамыту.

 

Просмотров: 763


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст