Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Ақмола облысы Ерейментау қаласы Еркіншілік ауылы ЖШС «Бөбекжай Амина» балабақшасы мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз / проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін
2022 жылы -200 қызмет көрсетілді, оның ішінде "akmola.kz" ақпараттық жүйесі арқылы - 130, "электрондық нұсқада-130", .,қағаз нұсқасында-70
2. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)
2022 жылы ақпараттық жүйе арқылы –200 қызмет көрсетілді, оның ішінде akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы –130, мемлекеттік орган арқылы -0.қағаз нұсқада-70
2022 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылы білім бөлімі жанындағы «Бөбекжай Амина» балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көрсетілетін қызметтерге қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс үшін ақпарат:
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылы Гагарин көшесі №2 үйі, «Бөбекжай Амина» балабақшасы ЖШС , телефон нөмірлері: +77022314317 электрондық мекенжайы: bobekzhay.amina.erkinshilik@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.