30.01.2023
Ағымдағы жылдың 30 қаңтардан бастап 03 ақпанға дейін Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейінде жаратылыстану - математикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 - 11 сынып оқушылары арасында пәндік Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарының сақтайлуымен өтуде.
Тапсырмаларды "Дарын" республикалық ғылыми - практикалық орталығы дайындайды және олимпиада қортытындысы туралы ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола Дарыны" дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығына жіберіледі. Олимпиаданың екінші кезеңінің ашықтығын және академиялық адалдығын сақтау үшін оны өткізу процессі youtube каналы арқылы бейнетрансляция жүргізіледі.
Ауданымыздан олимпиадаға қатысушылар саны 167 оқушы.
Бүгін олимпиаданың бірінші күні, математика және физика пәндерінен өтіп жатыр.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.