20.12.2022
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейінде аудан әкімі Абай Әлжановтың, Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.М. Куркинаның және ауданымыздың желтоқсан оқиғасының куәгерлері Тулеуов Орал Мукушұлы, Дуйсекова Күлпан Тлеуліқызы, Мандаев Нұртас Боранбайұлымен бірлескен «Ғибратты ғұмырдың шапағаты» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Кездесу сабағына 9,10,11-сынып оқушылары қатысты. Бұл ашық сабақтың мақсаты сонау ызғарлы желтоқсан оқиғасына қатысқан куәгерлермен кездесіп, олардың ғибратты ғұмырларынан тағылым алу, тарих тереңінен сыр шертетін әңгімелерінен өнеге алу болды. Сол арқылы өскелең ұрпақтың бойына Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікті, елжандылықты дарыту еді. Кездесу сабағы діттеген мақсатына қол жеткізді.
Желтоқсан оқиғасының куәгерлері оқушылармен топ құрып, бірнеше кезеңдерден тұратын сайыстарда бақ сынады.
Сабақ өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушы куәгерлер сабақтың мұндай форматына ризашылықтарын білдірді. Оқушылар да тарихи сәттің куәсі болған тарихи тұлғалармен кездесіп, болашақтарына азық болар құнды дүниелер алғанына дән риза болды.
Сабақты мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алма Хамзановна Жасарова өткізді.