"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ КОНКУРС!

08.12.2022

«Ақмола обласы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 2023 жылға арналған   мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметтерді берушілер тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. 

Конкурс қатысушыларына қоятын негізгі талаптар:

  •  Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі:

1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;

2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

3) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесі бар (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);

4) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);

5) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

6) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;

7) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған;

8) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі

  • Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:

1) 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;

3) Мектепке дейінгі ұйымда 3-ке дейін топ болған жағдайда тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен шарт, 3 және одан да көп топтағы медициналық көмек көрсетуге лицензияның көшірмесі;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсында конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымдар конкурстық өтінімге кіретін және басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды электрондық форматта ereymentau_roo@mail.ru электрондық поштаға ұсынады.

Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, аталған құжаттарды мектепке дейінгі ұйым қағаз форматта Ерейментау ауданы бойынша  Ерейментау қаласы Әл-Фараби көшесі, 10 мекенжайы бойынша білім бөліміне ұсынады.

Конкурстық комиссияның отырысы 2022 жылғы 29 желтоқсанда сағат 10.00-де Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінде, Ерейментау қаласы    Әл-Фараби көшесі, 10 мекенжайы бойынша өткізіледі.

Анықтама телефоны 2-44-11, электрондық пошта ereymentau_roo@mail.ru.

Бекітілген құжатты келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: /public/files/2022/12/8/081222_112545_do-chastnyy-sady-08122022.pdf

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст