Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің базасында «4-5 сыныптарда математика мен жаратылыстану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: білім сапасын арттыруға бағытталған математика және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру.
Семинар барысында бастауыш сынып, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтар, шеберлік сабақтарын көрсетті, "математиканы оқытудағы сабақтастық" тақырыбында коучинг өткізді .
Семинар соңында мұғалімдерге математика және жаратылыстану пәндерін оқыту бойынша, білім сапасын арттыру бойынша, 4-5 сыныптарда математика мен жаратылыстану пәндерін оқытудағы сабақтастық мәселесі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.