22.09.2022
2022 жылдың 13 қыркүйегінде Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің базасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиада өтті.
Олимпиадаға аудан мектептерінің 25 түлегі қатысты. Қазылар алқасының шешімі мен қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 4 оқушы ұсынылды : Еркеншілік ауылының ЖББМ 11 сынып оқушысы Нұрбек Лашын, Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Еркенова Аружан, Ерейментау қаласының№1 ЖББМ екі оқушысы Рогова Ксения және Ольхова Ангелина.