"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ жазушысы, сыншы, журналист Бекенов Елжас Жүнісұлының туғанына 130 жыл

12.05.2022

Елжас (Ілияс) Жүнісұлы Бекенов (1892, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш ауылы —1938, Алматы) — жазушы, сыншы.

Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1933). Ауылда жалшы, Петропавлдағы Мұратов диірменінде жүкші (1912), Томск губерниясындағы Судженск көмір кенішінде шахтер (1912 — 15), Петропавл теміржол бекетінде жүкші (1915 — 16) болған.

  • 1916 жылы Ресей патшайымының Жарлығына сәйкес қара жұмысқа алынып, Пермь теміржолында еңбек етіп, Қазан төңкерісінен кейін елде әр түрлі қызмет атқарған.
  • 1922 — 24 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыған.
  • 1925 — 26 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі
  • 1926 — 27 жылдары Жұмысшыларды ағарту қоғамы жұмысшы баспасөзі секциясының басқарушысы
  • 1927 — 28 жылдары Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомының нұсқаушысы
  • 1929 — 31 жылдары Петропавлда «Кеңес ауылы» газеті редакторының орынбасары, кейін жауапты редакторы
  • 1933 — 36 жылдары Оралда «Екпінді құрылыс»
  • 1935 — 36 жылдары Петропавлда «Ленин туы» облыстық газеттерінің жауапты редакторы
  • 1936 — 1938 жылдары Бас әдеби басқарманың бастығы болды.

Еңбегі

Алғашқы өлеңдері 1922 жарияланған. Тұңғыш прозалық туындысы —

  •  «Бидің жауыздығы» әңгімесі (1922). Кейін
  • «Жалшы сәулесі» (Ташкент, 1929),
  • «Октябрь күндеріндегі қуаныш» (1927),
  • «Ұлтшыл» атты тұңғыш әңгімелері (1927),
  • «Біздің еңбек» (1934),
  • «Большевик қызы» (1937),
  • «Ана құшағында» (1937), тағы басқа шығармаларында жаңа заманнан жақсы үміт күткен кейіпкерлері арқылы сол кездегі қазақ қоғамының шындығын заман талабына сай суреттейді.
  • «Жәмила қалай сауатты болды» (1927) әңгімесі
  • «Жаңа жол бойында» (1939) қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмысқа араласуын бейнелейтін көрнекті шығармалардың бірі болды.

Бекенов сын жанрына да үлес қосып, Ш.Иманбаева, С.Мұқанов, М.Әуезовтің шығармаларын, жас жазушылардың туындыларын талдап, құнды пікірлер айтқан. «Жәмила қалай сауатты болдың» повесть, 1929 жылы «Жаңа жол бойында», «Жалшы сәулесі» әңгіме-очерктерінің жинақтары шықты.

  • 1936 жылы «Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет» атты ғылыми-сын еңбегі жарық көрді. Осы сияқты еңбектерінде біраз ақын-жазушылардың қатарында Әуезовтің есімі аталады.

«Тарихи шындықты құр қиялмен суреттеуге болмайды» деген мақаласында «Айман - Шолпан» пьесасының жетістік жақтарын құптап, кейбір тарихи шындықтың бұрмалануына сын айтқан.

Просмотров: 803


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст