Жалпы ережелер.
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, Әл-фараби көшесі 10, тел: 22016, 21664.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Білім бөлімі 2021 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 23 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 3704 қызмет көрсетіліп, оның 167 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 1120 - электронды үкімет порталы арқылы, 1596 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-821 жеке тұлға. Бас тарту саныны-28.
Мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) арқылы 6 қызмет түрінен 1596 қызмет көрсетілген. 1 қызмет көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіледі, олар бойынша 821 қызмет көрсетілді.
23 қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде көрсетіледі.
3) Ең көп сұранысты қажет ететін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 725 қызмет көрсетілді,
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 862 қызмет көрсетілді,
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 539 қызмет көрсетілді.
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ -нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен "Ерейментау ауданының білім бөлімі" ММ ақпараттық стендтерінен және білім беру ұйымдарының сайттарынан, ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.
2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашық айқын болуы үшін, білім бөлімі мен ХҚКО, басқа да мемлекеттік қызмет көрсету органдарының қатысуымен семинар өткізілді.
Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау
1. 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша өкілетті орган тексерісі жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы жедел кеңесі өткізілді.
2. Атқарылған мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:
Жалпы 3704 қызмет көрсетіліп, оның 167 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 1120 - электронды үкімет порталы арқылы, 1596 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-821 жеке тұлға.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей уәкілетті органнан алған тұлғалар саны - 1596, "Халыққа қызмет көрсету орталығы "Департаментінің Ерейментау аудандық бөлімі-Ақмола облысы бойынша" Азаматтарға арналған үкімет " МК КЕАҚ филиалы - 167, электрондық үкімет порталы арқылы – 1120, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-821 жеке тұлға.
Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.
3. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізді . Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы жедел кеңес өткізілді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.