"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сараптау кеңесін құру туралы

05.02.2017

Ақмола облысы                                                                        Акмолинская  область     Ерейментау ауданы                                                                            Ерейментауский   район 

 БІЛІМ   БӨЛІМІ                  ОТДЕЛ

ОБРАЗОВАНИЯ  

  БҰЙРЫҚ                              ПРИКАЗ

 

020800, Ерейментау қаласы                                                                                                               020800, г.Ерейментау

Аль-фараби көшесі, 10,                                                                                                                     ул.Аль-фараби, 10

тел: 2-16-64 , телфакс:2-16 -64                                                                                                          тел:2-16-64,телфакс:2-16-64

 2013 жыл   08. 13.                                                 №    187                                                                от    13. 18   2013год                                                                    

 

 

Сараптау кеңесін

құру туралы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шідедегі Заңына сәйкес  және « Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығының ,«Ақмола облысы Білім басқармасы» ММ-нің 02.07.2013 жыл № 244 бұйрығы  негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.      Бекітілсін:

1)      Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызыметкерлерін Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың үш деңгейлік бағдарламасында оқытуға іріктеу және рұқсат ету бойынша сараптау кеңесінің Ережесі ( 1қосымша).

2)      Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызыметкерлерін Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың үш деңгейлік бағдарламасында оқытуға іріктеу және   рұқсат ету бойынша сараптау кеңесінің ұжымдық құрамы ( 2 қосымша).

2.      Сараптау кеңесінің қызыметін іске асыру бойынша жұмыс органы болып Ерейментау ауданы білім бөлімінің әдістемелік бөлімі тағайындалсын.

3.      Осы  бұйрықтың орындалуына  жауапкершілік әдістемелік  бөлім  меңгерушісі А.К. Бляловаға жүктелсін.

4.      Осы   бұйрықтың   орындалуын   бақылау   білім   бөлімінің   бас   маманы  м. а. Р.Ә. Жахинаға жүктелсін.

 

 

Ерейментау ауданы

 білім бөлімі» ММ басшысы                                       С. Баймағанбетова

 

                                                                                                  2013 жылғы 13. 08

                                                                                   Ерейментау ауданы білім бөлімінің №187

                                                                                          бұйрығына  

                                                                                          1 - қосымша

                                                                                                 

 

Жалпы білім беретін  мектептердің педагогикалық қызыметкерлерін Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың  үш деңгейлік бағдарламасында оқытуға іріктеу  және рұқсат ету  бойынша  сараптау кеңесінің

                                         Ережесі

 

 

1.      Жалпы ережелер

1.      Осы Ереже жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызыметкерлерін

педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың  үш деңгейлік бағдарламасында оқытуға  рұқсат ету   және  іріктеу үшін құрылған сараптау кеңесінің мақсаты, міндеттері, құру тәртібін және жұмыстың ұйымдастырылуын белгілейді.

2.      Сараптау кеңесі жұмысының негізгі ұстанымдары әділдік, біліктілік, бірбеткейлік,

 нақты және әділ бағалау, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау болып табылады.

3.      Сараптау кеңесі өз жұмысында ҚР Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан

 Республикасының 2007 жылғы 27 шідедегі Заңын, « Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығын және осы Ережені басшылыққа алады.

 

2.      Сараптау кеңесінің мақсаты мен міндеттері

      4. Сараптау кеңесі жұмысының мақсаты – жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызыметкерлерін педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың  үш деңгейлік бағдарламасында оқытуға  рұқсат ету   және  іріктеу.

5.      Сараптау кеңесі жұмысының міндеттері:

1)      педагогтардың тиімді еңбегі мен кәсіби біліктіліктің жалпы бағасы, олардың біліктілігі  мен педагогикалық еңбегінің нәтижелілігі деңгейінің негізінде Ерейментау ауданы  орта білім беру саласының педагогикалық қызыметкерлерін педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың  үш деңгейлік бағдарламасына қатысуға   рұқсат ету   бойынша ұсынымдар жасап шығару;

2)      әр түрлі білім беру ұйымдарында  педагогикалық қызыметкерлердің ортақ, эквиваленттік талаптарын қамтамасыз ету.

3.      Сараптау кеңесінің құрамын құру тәртібі

6.      Сараптау кеңесі Ерейментау ауданы  білім бөлімі жанында құрылады.

7.      Сараптау кеңесінің құрамына әдістемелік бөлімнің  әдіскерлері, сонымен бірге, білім бөлімінің бас мамандары, келісім бойынша білім беру ұйымдарының мамандары кіреді.

8.      Сараптау кеңесінің ұжымдық құрамы Ерейментау ауданы білім бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.

4.      Сараптау кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

9.      Сараптау кеңесінің басшысы:

1)      сараптау кеңесі мүшелерінің арасында міндеттерді үлестіреді, сараптау кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, нақты мәселелерді зерделеу үшін сараптау топтарын құрайды;

2)      педагогикалық әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оған жауап береді;

3)      сараптама нәтижелері бойынша сараптама қорытындысына қол қояды;

4)      сараптау кеңесі ( тобы) жұмысының сапасына,ақпараттың шындығына, қорытындының нақтылығына, мүдделі ұйымдарға сараптау қорытындысының уақытында жеткізілуіне жауап береді. Сараптау кеңесінің басшысы сараптаушы болуға құқылы.

10.  Сараптау кеңесі басшысының орынбасары басшы және сараптамашылардың арасында байланыстырушы буын болып саналады. Басшының уақытша болмауы жағдайында, орынбасар сараптау кеңесі басшысының міндеттерін орындайды. Сараптау кеңесі басшысының орынбасары сараптаушы болуға құқылы.

11.  Сараптаушы:

1)      түскен сұраныстар бойынша материалдардың сараптамасын жүргізеді;

2)      білім беру ұйымдарының басшыларынан және педагогикалық қызыметкерлерден қажетті ақпарат пен материалдарды сұрастырады;

3)      педагогикалық қызыметкерлердің кәсіби біліктілігі мен тиімді еңбегінің сараптамасын жүргізеді;

4)      жалпыланған сараптамалық және деректі материалдан тұратын анықтама дайындайды;

5)      сараптаманың нақтылығы мен сапасына, сараптама және басқа материалдардың қорытындысы бойынша анықтаманы сараптау тобының басшысына уақытында тапсыру үшін жауап береді;

6)      тек орнатылған тәртіп бойынша қызыметтік ақпаратты қолданып,хабарлайды.

5.      Сараптау кеңесі жұмысының тәртібі

12.  Сараптау кеңесін құру тәртібі және жұмысы Ерейментау ауданы білім бөлімі басшысының бұйрығына негізделеді.

13.  Сараптау кеңесі құзыреттілігінің мерзімі оның құрамы бекітілген күннен кейін 3 жыл болып саналады.

14.  Сараптау кеңесі басшысы, басшының орынбасары және хатшысы сараптама кестесін құрастырады, оны өткізу мерзімін білім беру ұйымдарының басшылары,жауапты тұлғалар және сараптаушылармен келіседі.

15.  Сараптау қорытындысына сараптау кеңесінің басшысы және қызметтері белгіленген барлық сараптаушылар қол қояды.

16.  Сараптау кеңесінің хатшысы мүдделі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызыметкерлерінің дайын сараптау қорытындысымен қолхат арқылы таныстырады.

17.  Сараптау қорытындысымен келіспеген жағайда, қосымша білікті тұлғалардың қатысуымен сараптама қайта өткізілетін болады.Қайтадан жасалынған сараптау қорытындысының шешімі соңғы болып саналады.

18.   Сараптау кеңесі мүшелерінің жұмысы олардың біліктілігі мен қызыметтік бағытына сәйкес қоғамдық бастамаларда іске асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                    2013 жылғы 13. 08

 

                                                                                   Ерейментау ауданы білім бөлімінің №187

                                                                                                      бұйрығына  2 - қосымша

Жалпы білім беретін  мектептердің педагогикалық қызыметкерлерін Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттырудың  үш деңгейлік бағдарламасында оқытуға іріктеу  және рұқсат ету  бойынша  сараптау кеңесінің ұжымдық құрамы

 

 

Ибраев Баттал Нұрмұхамедович  -  сараптау кеңесінің басшысы, Ерейментау ауданы білім

                                                             бөлімінің бас маманы

Блялова Алтыншаш Казкеновна – басшының орынбасары, Ерейментау ауданы білім

                                                             бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі

                                Сараптау кеңесінің мүшелері:

Жахина Рымтай Әлмұхановна –    Ерейментау  ауданы білім бөлімінің бас маманы м.а.

Ахметова Айгүл Рашидовна – әдістемелік бөлім әдіскері

 

Сматаева Жеңісгүл Габдрафиковна - әдістемелік бөлім әдіскері

 

Волкова Марина Юрьевна - әдістемелік бөлім әдіскері

 

Боранбаева Кербез Базарбаевна – сараптау кеңесінің хатшысы

 

Просмотров: 593


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст