"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

PISA – based Test for Schools халықаралық зерттеуін апробациялау өткізілді.

18.11.2021
Бүгін «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де PISA – based Test for Schools халықаралық зерттеуін апробациялау өткізілді.
PISA – халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (ағылш. Programme for International Student Assessment, фр. Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы. PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.
PISA жобасы тексерудің үш бағытының (математика, ғылым, оқу) біріне айырықша мән беріп, үш жылдық кезеңмен жүргізіледі. Биылғы жылы оқушылардың креативтік ойлауын зерттеу негізгі болды.
PISA зерттеуі 15 жастағы оқушылардың мектепте алған академиялық білімі мен тұрмыс, үйрену дағдысын тексеріп, өз білімі мен қабілетін түрлі өмірлік жағдайлар мен әлеуметік ауқымда тиімді қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.
Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст