"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

12.10.2021

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-сі төменде көрсетілген білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

 «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісіне, пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен мүлік пен қаражатқа билік етеді. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымын білдіреді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 161264 теңгеден 196105 теңгеге дейін және 129011 теңгеден 156884 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде бір жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңын, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ педагогика, психология негіздері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға ХҚКО арқылы "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі"  ММ келесі құжаттарды ұсынады:

1) "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі"  ММ-нің басшысының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер Ерейментау ауданының білім бөлімінің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі"  ММ-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 күн ішінде "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі"  ММ сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны 2-44-11, 2-38-17 электрондық мекенжайы ereymentau_roo@mail.ru.

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст