Текст
Бүгін Ерейментау ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылының басталуына арналған «Білім күні» іс-шарасы өтті. Ауданның 26 мектебіндегі 571 бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты мереке дәстүрлі форматта санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында ұйымдастырылды. Оқушыларға «Әліппе» алғашқы оқулығы табысталды.
2-11 сыныптарда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсізік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.