"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
      ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАЗҒЫ БАҒДАРЛАМА

21.05.2026

«Қызықты демаламыз»

 

«Жұлдыз» қала сыртындағы лагер жағдайында кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру орталығын ұйымдастыру бағдарламасы

 

 Бағдарламаның мақсаты:

 

Балалардың демалысы мен сауықтырылуы үшін қолайлы жағдай жасау. Оларды шығармашылық, зияткерлік, әлеуметтік-педагогикалық қызметке тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымды және қазіргі қоғамда толыққанды өмір сүруге ықпал ететін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Сонымен қатар экологиялық тәрбие, заманауи технологиялар, салауатты өмір салты мен патриоттық құндылықтар арқылы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Міндеттері:

• экологиялық сананы қалыптастыру («Таза Қазақстан» бағыты);

• жасанды интеллект пен цифрлық дағдыларға қызығушылықты дамыту;

• Отанға және мәдени мұраға сүйіспеншілік тәрбиелеу;

• физикалық және эмоционалдық денсаулықты нығайту;

• креативтілік пен командалық жұмыс дағдыларын дамыту;

•  ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын ашу;

• қызығушылық аясын кеңейту, қолданбалы дағдыларды арттыру;

• салауатты және қауіпсіз өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру;

• коммуникативтік қабілеттерді дамыту және өзгелермен тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету;

• ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті дамыту;

• өмір қауіпсіздігі бағытында практикалық дағдыларды дамыту;

• қызықты әрі қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

 Контингент

• 7–16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер

• Бағдарламаға қатысушылар саны: 50 адам

 

 БАҒДАРЛАМАНЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 «Таза Қазақстан» бағыты (экология және тұрақты даму)

 

Форматы: ойындар, акциялар, жобалар, экскурсиялар

 Іс-шаралар:

• «Планетаны құтқар» эко-квесті

• «Таза аула – таза ел» акциясы

• Табиғи аймақтарға / Бестөбе шатқалдарына экскурсия

• «Заттардың екінші өмірі» шығармашылық шеберханасы

• Пайдалы әдеттер сабақтары (суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау)

Нәтиже: экологиялық жауапкершілік пен пайдалы әдеттердің қалыптасуы.

 

 «Жасанды интеллект және технологиялар» бағыты

Форматы: ойын сабақтары, шағын зертханалар, жобалар

Іс-шаралар:

• «ЖИ дегеніміз не?» интерактиві (қарапайым түрде)

• Логикалық және алгоритмдік ойындар

• ЖИ көмегімен бейнежобалар жасау

Нәтиже: цифрлық ойлау мен болашақ дағдыларын дамыту.

 

 «Патриоттық тәрбие» бағыты

Форматы: экскурсиялар, кездесулер, шығармашылық жобалар

 Іс-шаралар:

• Бестөбе шатқалдарына экскурсия

• «Менің туған өлкем» жобасы

• Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлері бойынша шеберлік сабақтары

• Патриоттық тақырыптағы театрландырылған қойылымдар

Нәтиже: азаматтық ұстаным мен Отанға сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 

 Білім беру-сауықтыру блогы

Форматы: күнделікті белсенділіктер

• Таңғы жаттығу

• Спорттық ойындар мен эстафеталар

• Топты біріктіруге арналған психологиялық ойындар

• СӨС-челлендждер («7 күн гаджетсіз», «Су іш» және т.б.)

 

 Шығармашылық-жобалық қызмет

• Арт-студиялар (сурет салу, мүсіндеу, дизайн)

• Музыкалық және би сабақтары

• Театр студиясы

• Қорытынды фестиваль

 

 АПТАЛЫҚ ҮЛГІЛІК  ЦИКЛ

 

Дүйсенбі: Экология + спорт

Сейсенбі:  Шығармашылық шеберхана

Сәрсенбі:  Патриотизм + ТЖ және полиция қызметкерлерімен кездесу

Бейсенбі:  Экология + квесттер

Жұма:       ЖИ + бейнероликтер

Сенбі:       Фестиваль / квест / жарыстар

Жексенбі:   Қорытынды іс-шара, от басындағы кеш

Дүйсенбі:   Қайту

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

• Ойын және тәжірибе арқылы оқыту

• Шығармашылық тәсіл

• Технология мен экологияны біріктіру

• Пайдалы әдеттерге басымдық беру

 

 БАҒДАРЛАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

• Шағын жобаларды қорғау

• Эко-акция өткізу

• Қорытынды фестиваль

• Қатысушыларды марапаттау

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

08:00  – Ояну

Балаларды жинау / Таңғы шеңбер

• Сәлемдесу

•  дайындық (ойын, мотивация)

• Күн тақырыбын талқылау

 

08:30 – 09:00

Таңғы жаттығу және СӨС (салауатты өмір салты)  блогы

• Жылыту, тыныс алу жаттығулары

• Пайдалы әдеттерді қалыптастыру

 

 

Таңғы ас

 

09:30 – 10:00

 

10:00 – 11:30

Негізгі білім беру блогы 1

(апта күндері бойынша)

 

• Дүйсенбі: қатысушыларды қабылдау, экология («Таза Қазақстан»)

• Сейсенбі: жасанды интеллект, бейнеролик

• Сәрсенбі: патриоттық тәрбие

• Бейсенбі: шығармашылық

• Жұма: дебат, би

• Сенбі: фестиваль

• Жексенбі: «Біз таланттарды іздейміз»

• Дүйсенбі: қайту

 

Форматы: ойындар, интерактивтер, шағын сабақтар

11:30 – 12:00

Екінші таңғы ас

Үзіліс / қимылды ойындар

 

12:00 – 12:55

Білім беру блогы 2 (тәжірибе)

 

• Эко-квесттер, квесттер

• (ЖИ, экология)

• Командалық тапсырмалар

Түскі ас

13:00 – 14:00

Тынығу сағаты

14:00 – 16:00

Бесін ас

16:30 – 17:00

 

 Шығармашылық блок

17:00 – 18:15

• Сурет салу / қолөнер

• Театр / музыка / би

• Шығармашылық («заттардың екінші өмірі»)

• Командалық ойындар

• Қарым-қатынас ойындары

• Көшбасшылық және топтық жұмыс

• Психологиялық тренингтер

19:00 – 20:00

Кешкі ас

 

Жобалық жұмыс / қызығушылық клубтары

• Эко-жобалар

• Шығармашылық шеберхана

• Қойылымдарға дайындық

• Дискотека

 

22:00 – Кешкі ас

22:30 – Күн қорытындысы / рефлексия

• Не үйренгендерін талқылау

23:00– Ұйқы

 

 КҮНДЕР БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАР

 

• Дүйсенбі: «Эко-күн»

• Сейсенбі: «Технология күні»

• Сәрсенбі: «Отан күні»

• Бейсенбі: «Шығармашылық шеберхана»

• Жұма: «Идеялар күні»

• Сенбі: «Оқиғалар күні»

• Жексенбі: «Таланттар күні»

• Дүйсенбі: қайту

 

КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

Тәрбиешілер – аудан мектептерінің педагогтері, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының»  қосымша білім беру педагогтері. Олар Орталық жанындағы «Тәлімгерлер мектебінде» дайындықтан өткен.

 

Лагерьде жұмыс істеуге:

• оқу туралы куәлігі бар;

• медициналық тексеруден өткен;

• лагерь әкімшілігімен әңгімелесуден өткен тәрбиешілер жіберіледі.

 

Жұмыс қорытындысы бойынша үздік тәрбиешілер келесі номинациялармен марапатталады:

• «Сәтті дебют»

• «Тәжірибе мен шеберлік»

• «Жаңашылдық пен ерекшелік»

• «Балалар таңдауы бойынша үздік тәрбиеші»

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Лагерь аумағында орналасқан:

• 8 стационарлық үйшік (әр бөлмеде 5 орын, әр үйшікте 2 бөлме, жалпы 10 адам);

• санитарлық тораптар ;

• монша;

• ас үй жабдықтары мен ыдыстары бар асхана;

• медициналық пункт, науқастарға арналған стационар;

• күзетшілерге арналған вагон-үй;

• ашық ойын алаңдары: волейбол алаңы, футбол алаңы, гимнастикалық қалашық;

• жазғы сахна;

• алау жағу алаңы;

• лагерь аумағы толықтай темір қоршаумен қоршалған.

 

 ҚАУІПСІЗДІК

 

«Жұлдыз» қала сыртындағы лагерінде ең бастысы – қауіпсіздік.

 

Келесі қауіпсіздік шаралары сақталған:

• орталық аумағы тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етілген;

• бөгде адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады;

• лагерь бейнебақылау жүйесімен жабдықталған;

• өрт дабылы, өрт сөндіргіштер және эвакуация жоспарлары бар;

• барлық қызметкерлер мен демалушылар өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібімен таныстырылған;

• көктем және жаз мезгілінде аумақ кенелер мен масаларға қарсы өңделеді;

• балаларды тасымалдау ұйымдастырылған колоннамен, жол полициясының сүйемелдеуімен жүзеге асырылады;

• балалардың тамақтануы санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.

 

КҮН  ҮШ  БЛОКҚА  БӨЛІНЕДІ

 

 Таңертең – сауықтыру

Таза ауадағы серуендер, күн ванналары, сауықтыру гимнастикасы.

Күндіз – тәжірибелік блок

Топтардағы шығармашылық жұмыстар, спорттық іс-шаралар, бағдарламалық сабақтар.

 Кешке – шығармашылық блок

 

Іс-шараларға қатысу, өз қабілеттерін көрсету.

Күн қорытындысын шығару және келесі күнді жоспарлау үшін таңғы жиындар мен кешкі отрядтық кездесулер өткізіледі.

 КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

 

• балалардың жалпы сауығуы және жағымды эмоциялар алуы;

• жасөспірімдерді төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қоғамдық пайдалы қызметке тарту;

• ұжым алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

• проблемалық жағдайларды шешуде құрдастарымен және ересектермен серіктестік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;

• лагерь өміріне қатысу барысында балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі жүзеге асыруы, өзін-өзі дамытуы;

• әр баланың шығармашылық белсенділігін дамыту;

• әртүрлі жастағы балалар арасындағы байланысты нығайту;

• жасөспірімдердің экологиялық белсенділігін арттыру;

• интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді анықтауға және дамытуға жағдай жасау, әр жасөспірімнің өз дарынын толық көрсетуіне мүмкіндік беру.

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст