"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
      ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!!!

16.12.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ҚР БҒМ 27.08.2022  жылғы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. Қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін (қоса алғанда) білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Қосымша білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыр бойынша комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 1);

 2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);

3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;

 5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;

6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;

7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);

8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;

9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;

10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;

11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;

13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;

14) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары.

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

  1. Ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары);
  2. Туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология);
  3. Экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология;
  4. Көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу);
  5. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер);
  6. Гуманитарлық бағыт (тіл курстары);
  7. Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).

Құжаттарды қабылдау  15.12.2025 жылдан бастап 19.12.2025 жылға дейін,  Ерейментау қаласы,  Әл-Фараби көшесі 10 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.Байланыс телефондары : 87163324411, 87163321450, 87163324179.

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст