11.12.2025
2025 жылдың 11 желтоқсан күні Күншалған ауылына білім сапасын арттыру және тәжірибе алмасу үшін Ерейментау қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогтары «Сапалы сабақ – мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру мен дамытудың негізгі көрсеткіші ретінде» тақырыбында өткізілді. Семинардың жалпы мақсаты: Сапалы сабақ ұғымын терең түсіндіру,мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру,тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәсілдер мен жаңа технологияларды сабақ үдерісінде қолдануды жүйелендіру. Информатика сабағы: Тақырыбы: «Кестелік деректерді графикалық түрде ұсыну» Зайнуллина Дильназ Жақсылықовна,орыс тілі сабағы: Тақырыбы: Рэй Брэдбери «Зелёное утро» Нулубаева Райхан Қалтаевна,Қазақ әдебиеті сабағы: Тақырыбы: «Ыстықкөл күнделігіндегі табиғат көріністері және аңыз-әңгіменің элементтері»Малгаждарова Меруерт Сагатовна, Математика сабағы.Тақырыбы: «Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер» Хумар Айнажан, Ағылшын тілі сабағы.Тақырыбы: «Past Continuous»Сулейменова Жансая Нұрлановна, Алгебра сабағы. Тақырыбы: «Бөлшек рационал теңдеулер»Жәрдембек Абдулрамазан, Коучинг: «Жылдам оқу тиімді тәсілдерін қолдану». Жүргізуші: Хамитова Ботагөз Госмановна, Коучинг: «Жасанды интеллектіні тәрбие жұмысында қолдану» Жүргізуші: Рустимова Жанна Мұратовна. Кері байланыс сессиясы «Білім берудегі SMART технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттырудағы мүмкіндіктер». Қорытынды: Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Ашық сабақтар, коучингтер және кері байланыс отырыстары мұғалімдердің әдістемелік қоржынын толықтырып, сапалы білім беруге бағытталған жаңа тәсілдерді тиімді қолдануға ықпал етті. Жалпы алғанда, семинар өз мақсатына жетті және қатысушылар үшін маңызды кәсіби даму алаңы болды.