"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз – адамзаттың шамшырағы

03.10.2025

Білімнің биік шыңына жетелеген ұстазға алғыс!

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің арқаларыңызда біз өмірдің сан тарау жолында адаспай, өз жолымызды тауып келеміз. Білім жолында берген әрбір кеңестеріңіз бен бағыттарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүгінгі ұстаздар күні мерекесінде сіздерге мол бақыт, зор денсаулық тілейміз.

Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

 

 

 

Мектебім мен ұстазым

Авторы: Ерлан Ахмет

Қолға қалам алдырдың,

Ою-өрнек салдырдың.

Әсем әнді жаттатқан,

Ойға түйіп қалдырдым.

 

Алтын ұя – мектебім,

өзіңде өсіп, көктедім.

Ұстазыма айтатын,

Алғысым да көп менің.

Өмір бойы өтейтін,

Парызым да көп менің.

 

Еркелете білесің,

Ойнап, бірге күлесің.

Көз алдымда, ұстазым,

Анамдай боп жүресің.

 

Сенде оянды бар үміт,

Арман оты жағылып.

Кетсем-дағы есейіп,

Жүремін-ау сағынып.

Просмотров: 2200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст