2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мынаған:
– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) ;
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді.
Қаулыны сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: /public/files/2021/3/5/050321_120446_pggsv-9-kaz.docx