"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілетін толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

29.11.2024

Ерейментау қаласында мектеп директорлары үшін 2026 жылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілетін толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған ауданның 24 мектебінің директорлары, директордың міндетін атқарушылар, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру басшылары қатысты.

Жалпы, оқытудың пәндері мен тәсілдері түбегейлі өзгермейді. Бірақ мұғалімдер назар аударатын оқу бағдарламаларын оңтайландырып жатыр. Қазіргі уақытта оқушыларда жүктеме көп. Бағдарламаларда көрсетілген оқу мақсаттарының саны шамадан тыс. 

Сондай-ақ әр тақырып бойынша оқушы меңгеруі тиіс негізгі нәрселер нақты белгіленген. 

Мемлекет басшысы өткен Ұлттық құрылтайда бірқатар құндылықтарға тоқталған еді. Оның ішінде тәуелсіздік пен отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, құқық тәртібі бар. Патриоттық тәрбие элементтерін оқу үрдісіне тікелей енгізіп, бағдарламалар мен пәндерге қосу жобада бар.

Сонымен қатар бұл жобада ұқсас пәндерді біріктіру жоспары бар.

Бүкіл әлемде алгебра мен геометрия бір "математика" пәні аясында оқытылады. Жобада бұл туралы да сөз қозғалады.

Просмотров: 2165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст