Конкурс қатысушыларына қоятын негізгі талаптар:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;
4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;
7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық қызметке лицензиялар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсында конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымдар конкурстық өтінімге кіретін және басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды электрондық форматта ereimentauoo@aqmoedu.kz электрондық поштаға ұсынады.
Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, аталған құжаттарды мектепке дейінгі ұйым қағаз форматта Ерейментау ауданы бойынша Ерейментау қаласы Әл-Фараби көшесі, 10 мекенжайы бойынша білім бөліміне ұсынады.
Конкурстық комиссияның отырысы 2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 10.00-де Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінде, Ерейментау қаласы Әл-Фараби көшесі, 10 мекенжайы бойынша өткізіледі.