Текст
2021 жылдың ақпан айының 08-12 күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезені онлайн түрінде өтті. Олимпиаданың мақсаты: жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы пәндерден дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету. Олимпиадаға ауданымыздың 15 орта мектебінің 9-11 сынып арасындағы оқушылар қатысты. Әділ қазылар шешімі бойынша 50 оқушы жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Оның ішінде бірінші орын алған 8 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!