"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

19.01.2021

«Ақмола облысы ББ Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі,  «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі», «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектебі», «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Елтай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің басшысына бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды пошталық мекенжайы: Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылы, Күңшалған ауылы, Елтай ауылы.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен мүлік пен қаражатқа билік етеді. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымын білдіреді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 9086 теңгеден 110075 теңгеге дейін (Күңшалған а.  ЖМ, Торғай а. ЖМ),   86007 теңгеден   104589 тенгеге дейін ( Ельтай а. НМ).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде бір жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңын, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ педагогика, психология негіздері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға ХҚКО арқылы "Ерейментау ауданының білім бөлімі" ММ келесі құжаттарды ұсынады:

1) Ерейментау ауданы білім бөлімі басшысының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан алған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;

8) медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) мектепті дамытудың перспективалық жоспары;

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер Ерейментау ауданының білім бөлімінің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау , наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Ерейментау ақпарат" газеттерінде және Ерейментау ауданы білім бөлімінің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 күн ішінде  «Аззаматарға арналған»МК» КеАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ХҚК бойынша Ерейментау ауданының бөліміне сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны 2-38-17, электрондық мекенжайы ereymentau_roo@mail.ru.

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст